«№51 гимназия» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қ.
0
Гимназия тарихы

 

№51 гимназия 2003 жылғы 30 қыркүйекте ашылды.
Гимназия ғимараты 3 қабатты типтік үлгіде салынған. 2 спорт зал, 1 би алаңы, 1 мәжіліс залы,  кітапхана және 1 оқу залы,  300 орындық  асхана бар. Заманауи техникамен жабдықталған 3 компьютерлік класс, 1 физика, 1 химия, 1 биология, тілдерге арналған 1 мультимедиялық  кабинеттері, технологоия пәнінен 2 шеберхана бар, 7 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған,  этно-педагогикалық мұражай жұмыс жасайды.
Гимназияның өз Туы, Таңбасы және Гимні бар.
 

2006 жыл- қала әкімдігінің «Әдемі білім мекемесі» номинациясымен марапатталды.
2007-2013- ғылыми негіздерден қалалық  олимипиадада  командалық есепте жүлделі орындарды иеленді, дипломмен марапатталды.
2010-2011 оқу жылындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен оқу-далалық жиында жоғарғы көрсеткіштер көрсетті.
2009, 2010, 2011 жылдары ҰБТ бойынша қала көлемінде 1 орынды иеленді.
2010 және 2011   жылдары   «Облыстың үздік инновациялық мектебі» сертификатын иеленіп, облыс әкімінің грантын жеңіп алды.
2011 жыл – қала бойынша «Үздік білім мекемесі» сертификатын иеленді, қала әкімінің грантын жеңіп алды.