«№51 гимназия» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе қ.
0
№51 гимназия ұжымында үлкен қуаныш

 

 Тарих пәнінің мұғалімі  Утенова Мадина  Жамаладинқызы республикалық «Үздік педагог-2017» атағына  ие болды. Мадина Жамаладинқызы дарынды педагог, тамаша адам. Бұл адам тамаша қасиеттерге ие білгір қарапайым қарым-қатынаста ашық, көмекке келуге дайын, ең бастысы – өзіне-өзі талапты. Мұғалім өмірдің қайнаған ортасында жүріп өзіде шынығады, өзгеніде шынықтырады. Шәкіртін өз мүддесінен жоғары қояды.Мадина  апай осындай еңбекқорлығымен ұстаздар арасында ерекшеленеді. Жыл өткен сайын өзінің жаңа қырымен танылып, білім шыңының жаңа белестеріне шығуға ұмтылудан шаршамайтынына таң қаласын. Ұстаздың шығар биігі оның әдістемесі мен шәкіртінің  жетістігі десек... Мадина Жамаладинқызында осы ерекшеліктер  жеткілікті. Білімі терең, әдістемесі бай ұстаз ізденуден жалықпайды. Республика көлеміне танылып, гимназияның атын шығаруға үлес қосқаны еңбексүйгіштік пен ізденімпаздығының арқасы.